«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №22 орта мектебі» ММ
Біздің мақтанышымыз
Image
Мектеп формасы
Image
Конкурс
Image
Школьные новости

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ

15.12.2020-ғы № 11-1-1-6062 шығыс хаты

20.12.2020-ғы № 9786 кіріс хаты

 

«СӘКЕННІҢ ӨНЕГЕЛІ ЖОЛЫ»

ТАҚЫРЫБЫНДА АДАЛДЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ

 

Бүгін «Сәкеннің өнегелі жолы» тақырыбында өмірі мен шығармашылығы әділдік пен адалдық қағидаларымен ұштасқан Сәкен Сейфуллиннің рухани-адамгершілік мұрасына арналған дәстүрліонлайн адалдық сағаты өтті.

Сәкен Сейфуллин – мемлекетжәнесаяси қайраткер, ақынжәнежазушы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Ол қазақ халқының жандануы мен өркендеуі үшін өз өмірін қиған қазақ қайраткерлерінің тобына жатады.

Сәкен Сейфуллиннің сан қырлы күрделі болмысындағы ерекше қасиеттерінің бірі – жас ұрпақтың білім-ғылымына деген адалдығы.Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы болған кезінде білім алушы жастарға алғаш рет шәкіртақы тағайындап, «қазақ жастары әлемнің мықты оқу орындарында білім алуы тиіс» деген идея көтерді.

Ол жас ұрпаққа көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды өзінің міндеті деп санады. «Әр азаматтың бір көзі оқу ісінде болып, соған қолынан келген жәрдемін тигізіп отыруы – мойынына артылған парыз. Ісіңмен, күшіңмен, тіліңмен болса да оқу ісіне жәрдем қылмасаң – кейінгі жас буынның қолы жағаңда кетеді», – деген жөн сөздері қоғам қайраткерінің биік өресін танытады.

Оның поэзиясының басты идеясы – дос қадірін білу, достыққа адалдық. Ақын адалдық пен арамдық, мансап пен ар-ұждан, достық пен қастықтың аражігін аша жазып, адам үшін құнды байлық – достықты жырлап өткен.

Жас ұрпақты париоттыққа, Отанын сүюге, халық тілегін іс жүзіне асыруда қандай қауіп қатерден де қорықпай, қиындықты жеңе білуді үлгі етуде Сәкендей тұлғаның орны ерекше.

Адалдық, кішіпейілділік, ар азығына кір келтірмеушілік,  шыншылдық сынды құндылықтарды таза сақтап қалған тұлғасымен және көркем туындылары арқылы ол кейінгілерге – ұстаз.

Ел жастарына осы туралы бүгінгі онлайн «Адалдық сағатында» толық айтылды.

 

Бейне-дәріске сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=-Ro7dcnm75U&list=PLvN9UMfEpeunSj5iXGTaI9CFjkGNXE2UN

 

Пайдалы ресурстар